Саясаттар иерархиясы

Kaspersky Security Center-де саясаттар көптеген құрылғыларда бірдей параметрлер жинағын белгілеуге арналған. Мысалы, G тобы үшін анықталған Р бағдарламасы саясатының әрекет ету ауқымы сипаттарында Тектік топтан иелену жалаушасы алынған ішкі топтарды қоспағанда, G басқару тобында және барлық оның ішкі топтарында орналасқан Р бағдарламасы орнатылған басқарылатын құрылғылар болып табылады.

Саясат оның ішіндегі параметрлердің жанында "құлыптардың" () болуымен жергілікті параметрлерден ерекшеленеді. Саясат сипаттарында орнатылған құлып оған сәйкес параметр (немесе параметрлер тобы) біріншіден, тиімді параметрлерді қалыптастырған кезде пайдаланылуы керектігін, екіншіден, төмендегі саясатқа жазылуы керектігін білдіреді.

Құрылғыда әрекет ететін параметрлерді қалыптастыруды келесі түрде көрсетуге болады: саясаттан құлпы орнатылмаған параметрлердің мәндері алынады, кейін олардың үстіне жергілікті параметрлердің мәндері жазылады, кейін алған мәндердің үстіне саясаттан алынған құлпы орнатылған параметрлердің мәндері жазылады.

Бірдей бағдарламаның саясаттары бір-біріне басқару топтарының иерархиясы бойынша әрекет етеді: жоғарыдағы саясаттың орнатылған құлпы бар параметрлері төмендегі саясаттың аттас параметрлерін қайта жазады.

Ерекше саясат түрі бар - автономды пайдаланушыларға арналған саясат. Бұл саясат құрылғы автономды режимге ауысқан кезде құрылғыда күшіне енеді. Автономды пайдаланушыларға арналған саясаттар басқа саясаттарға басқару топтарының иерархиясы бойынша әрекет етпейді.

Автономды пайдаланушыларға арналған саясатқа Kaspersky Security Center болашақ нұсқаларында қолдау көрсетілмейді. Саясаттардың орнына автономды пайдаланушылар үшін саясаттардың профильдерін қолданған жөн.

Басына оралу